Павлодарда құмар ойынға тәуелділігі бар түрме қызметкері сотталды

Бүгін, 15:09 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алу фактісі бойынша сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокурорлар сотталғандардың жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы оң шешім шығару және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларына қайшы ұялы телефондарды алып өту үшін лауазымды тұлғаға заңсыз ақша аударғанын анықтады.

Заңсыз алынған қаражатты ол букмекерлік кеңселердегі бәс тігуге жұмсаған.

Мемлекеттік айыптауды сапалы қолдаудың нәтижесінде 2026 жылғы 1 сәуірде сот оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру, сондай-ақ әділет капитаны арнайы атағынан айыру жазасын тағайындады.