Оңтүстік Корея билігі халық интернетсіз қалмайтындай бағдарлама әзірледі

15 сәуір, 2026 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Оңтүстік Корея билігі интернетті базалық қажеттілік ретінде қарастырып, қолжетімділікті кеңейту бағытында нақты қадамдар жасап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz msit.go.kr-ға сілтеме жасап

Бұдан бөлек, азаматтардың «негізгі байланыс құқығын» қамтамасыз ету; мобильді интернет пакеті біткен жағдайда шектеулі жылдамдықпен (шамамен 400 Кбит/с) байланысқа қолжетімділікті сақтау; қарт адамдар үшін байланыс қызметтерін (қоңырау, SMS) кеңейту; арзан тарифтер енгізу, оның ішінде 5G байланысына қолжетімді пакеттерді арзандату көзделген.

Сонымен қатар, билік қоғамдық көліктегі интернет сапасын жақсартуды (метро мен пойыздарда LTE-ден 5G-ге көшу), цифрлық қауіпсіздікті күшейтуді және төтенше жағдайларда байланыс жүйесінің тұрақтылығын арттыруды жоспарлап отыр.

Бұл бастамалар интернетті баршаға қолжетімді ету, яғни пакет біткенде адамдар толық байланыссыз қалмауы үшін базалық деңгейде қызмет көрсету үшін қолға алынған.

Тэгтер:

Оңтүстік Корея интернет