«Месси мен Роналду да бар»: «Алтын доп-2026» сыйлығына үміткер футболшылар тізімі жарияланды

Бүгін, 14:44 / Дана Ізтілеуова

Әйгілі америкалық Sports Illustrated журналы әлемнің үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» сыйлығына үміткерлердің кеңейтілген тізімін ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тізімге жалпы саны 15 ойыншы енген. Олардың қатарында Еуропаның топ-клубтарында ойнайтын ойыншылар, әлемдік футбол аңызына айналған футболшылар да бар.

Басылым нұсқасы бойынша негізгі үш фавориттің қатарына ағылшын шабуылшысы Харри Кейн («Бавария»), испаниялық жас дарын Ламин Ямаль («Барселона») және француз ойыншысы Майкл Олисе («Бавария») кірді. Бұл сыйлықты былтыр ұтып алған француз Усман Дембеле (ПСЖ) аталған тізімде 10-орынға жайғасқан.

«Алтын доп» сыйлығына үміткер топ-15 фаворит:

  1. Харри Кейн ("Бавария" / Англия)
  2. Ламин Ямаль ("Барселона" / Испания)
  3. Майкл Олисе ("Бавария" / Франция)
  4. Килиан Мбаппе ("Реал" Мадрид / Франция)
  5. Деклан Райс ("Арсенал" / Англия)
  6. Витинья (ПСЖ / Португалия)
  7. Педри ("Барселона" / Испания)
  8. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити" / Норвегия)
  9. Лионель Месси ("Интер Майами" / Аргентина)
  10. Усман Дембеле (ПСЖ / Франция)
  11. Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед" / Португалия)
  12. Луис Диас ("Бавария" / Колумбия)
  13. Винисиус Жуниор ("Реал" Мадрид / Бразилия)
  14. Рафинья Диас ("Барселона" / Бразилия)
  15. Криштиану Роналду ("Аль-Наср" / Португалия)