Композитор Қуат Әбілов әнші Баянсұлумен арада туындаған даудың толық шешілгенін мәлімдеп, тараптардың өзара келісімге келіп, өкпе-ренішсіз татуласқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Баянсұлу қарындасымыз екеумізде туындаған мәселеге дауға нүктесін қойдық. Барлығы орнында. Өзара келісімге келдік. Ешқандай бір-бірімізге өкпе-ренішіміз жоқ. Қол алысып, сіздерге үндеу жолдап отырмыз. Айып етпеңіздер! Бізбен бірге болғандарыңызға, рақмет!», - деді Қуат Әбіл.
Композитор әншіге әріқарай шығармашылығына табыс тіледі.
«Бізде бәрі шешілді. Екі жақта да ешқандай қарсылық жоқ. Айтарым осы», - деді Баянсұлу.
Еске сала кетейік, бұған дейін дау композитордың әншіге жазған бірнеше хит әні үшін қаламақы ала алмауы және авторлық құқыққа қатысты келіспеушіліктерден туындап, іс сотқа дейін жеткен еді.