Маңғыстауда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді

Бүгін, 11:50 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк және қоғамдық көліктер үшін жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, 15 сәуір күні сағат 11:00-ден бастап өңірде қатты желдің күшеюіне байланысты республикалық маңыздағы KAZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 338-632 шақырым аралығы, атап айтқанда Бейнеу – Шетпе учаскесінде жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ведомствоның мәліметінше, енгізілген шектеуді өзгерту алдын ала жоспар бойынша сағат 17:00-ге белгіленген.

Жауапты қызметтер жол қозғалысына қатысушыларды ауа райы жағдайын ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлауға және енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырады.