Ұлттық ғылым академиясы квазимемлекеттік секторға айналады

Бүгін, 11:42 / Ербұлан Қайрат
сурет: qazscience.gov.kz

Мәжіліс депутаттары ғылым мәселелері бойынша ғылыми-техникалық қызметті жетілдіруге бағытталған түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңмен ұжымдық пайдалануға арналған ғылыми зертханалар инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету тетіктері енгізіледі. Ұлттық ғылым академиясының квазимемлекеттік сектор субъектісі ретіндегі мәртебесі нақтыланып, оның мүлкін қалыптастыру көздері, қаржыландыру тәртібі және міндеттемелер бойынша жауапкершілігі айқындалады.

Сонымен қатар ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзімдерін есептеу тәртібі жетілдіріледі. Ғылымды қаржыландыру жүйесі де жақсартылады.

Бұдан бөлек, жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту мақсатында денсаулық сақтау саласында референс-орталықтар құру шаралары қарастырылған.

Заң жобасы әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру салаларын да қамтиды. Атап айтқанда, сақтандыру төлемдерін алушылар мен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша мұрагерлердің құқықтарын қорғау күшейтіледі. Сонымен қатар авиация мамандарын даярлау барысында білім беру қызметінің ерекшеліктері, оның ішінде ұшу және тренажерлық дайындық талаптары айқындалады.

Тэгтер:

квазимемлекеттік сектор Ұлттық ғылым академиясы