Алматыдағы зообақта «Қызыл кітапқа» енген қонжықтар дүниеге келді

Бүгін, 10:09 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

Алматы хайуанаттар бағында тағы бір қуанышты жаңалық! «Қызыл кітапқа» енген Тянь-Шань қоңыр аюларының жұбынан қонжықтар дүниеге келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құрманбек пен Герда жұбынан екі бірдей қонжық туды. Бұл аналық аюдың төртінші төлі. Қаңтар айында туған қонжықтар алғашқы айларын үйшікте өткізіп, енесін еміп қоректеніп өсті. Бүгінде олар өсіп, енесіне еріп вольерге шыға бастады.

Дәстүр бойынша Алматы зообақ қызметкерлері алматылықтарды жаңа туған бір еркек және бір ұрғашы қонжыққа ат қоюға қатысуға шақырады.