Семейде монша кешені өртенді

Бүгін, 06:13 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Семей қаласында монша кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы iKomek Semey қызметі ақпарат таратты.

Мәліметке сәйкес, өрт Мичурин көшесі, 177 мекенжайында орналасқан "Банный дом" кешенінде болған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Себептері мен мән-жайы анықталуда, – деп жазылған 109 қызметінің хабарламасында.

Қала тұрғындарынан сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтау және оқиға орнына жақындамау сұралды.