Қазақстанда сиреньді рұқсатсыз жұлғандарға айыппұл салынады

Бүгін, 05:56 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Алматыда сиреньді рұқсатсыз жұлғандарға айыппұл қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, қала аумағындағы гүлді зақымдағаны үшін жеке тұлғаларға шамамен 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Аулаларда, саябақтарда және көше бойындағы өсімдік  мемлекет қорғауында. Ал егер ол  жекеменшік аумақта орналасса, мәселе иесімен шешіледі, келген шығынды бағалап, өтемақы талап етуге құқылы.

Полиция мәліметінше, мамыргүлді жұлу көбіне 386-бапқа жатады. Бұл  бойынша да айыппұл көлемі аз емес.

"Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодексінің 386 бабының нормаларына сәйкес жасыл желектерді күтіп ұстау немесе қорғау қағидаларын бұзғаны үшін 30 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде, яғни 130 мың теңгеге жуық айыппұл көзделген. Бұл да әрине аз сумма емес. Азаматтар міндетті түрде жеке жауапкершілікті сезінуге тиіс", - дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.