Маңғыстау облысында қыз алып қашпақ болған бес ер адам сотталды

14 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Маңғыстау облысында қалыңдық ұрлау дерегі бойынша бес ер адамға сот үкімі шықты. Оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында Жаңаөзен қаласында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрларда бірнеше адамның қызды күштеп көлікке отырғызғаны анық көрінеді. Кейін полиция барлық қатысы бар тұлғаларды анықтап, ұстаған.

Сот шешімімен бес күдікті Қылмыстық кодекстің "Адам ұрлау" және "Неке қиюға мәжбүрлеу" баптары бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, мұндай заңсыз әрекеттерге жол бермеу қажеттігін тағы бір мәрте көрсетті.

Тэгтер:

Маңғыстау облысы