Жаңалықтар

Шымкент тұрғыны 2 млн теңге тауып алып, ақшаны бірден иесіне қайтарған

ашық дереккөзі

Шымкент тұрғыны 2 млн теңге тауып алып, ақшаны бірден иесіне қайтарған

Жол бойынан 2 млн теңге тауып алып, ақшаны ойланбастан иесіне қайтарып берген Шымкент қаласының тұрғыны Қуаныш Нақыпбековтің адалдығы жұртты сүйсінтті. Бұл туралы NUR.KZ  тілшісі хабарлады. 

Шымкентте танымал компаниялардың бірінде жұмыс істейтін Қуаныш Нақыпбеков кешкілік уақытта жұмыстан қайтып бара жатып дүкенге кірмек болады. Сол кезде жол бойынан үлкен әмиян тауып алады. Ішін ашып қараса, қомақты қаржы мен құжаттарды байқайды. Содан дереу дүкенге кіріп, сатушы екеуі барсетка ішіндегі визитка нөміріне xабарласып, иесіне қайтарып беріпті.

Қарапайым тұрғын бұл әрекетін ауыз толтырып айтарлықтай іс деп санамайды. Айтуынша, оның орнында болған кез келген иманы бар адам солай жасайды. "Борсетканы ашып қарасам, өте көп ақша көрдім. Оны санап шықпадым, біреудің мүлкі, ыңғайсыз ғой. "Осыншама қаржысынан айырылған адам өзін қоярға жер таппай іздеп жүр ғой" деген ой келді. Менің орнымда болған кез келген адам оны иесіне қайтарып берер еді деп ойлаймын. Себебі оны алып, өз керегіңе жаратқаныңмен, ертең Алла алдында берер жауабы бар емес пе? Қаржы иесінің айтуынша, барсетка ішінде 2 млн-ға жуық теңге болыпты" - деп айтып берді тұрғын. Қол астындағы қызметкерінің бұл әрекетінен xабардар болған компания басшысы Алтай Айнабек өзі басшылық ететін мекемеде адал да иманды азаматтардың баршылық екенін және олармен мақтанатынын жеткізді. "Қуаныш Нақыпбеков "Nuray Construction" компаниясының жауапты қызметкерлерінің бірі. Иманды, жұмысына адал. Пайдасы тимесе, ешкімге зияны жоқ" деген басшы дүйсенбі күні қызметкеріне бұл әрекеті үшін компания атынан қаржылай сыйақы тағайындайтынын жеткізді. Ал қомақты қаржы иесі оны тауып алған азаматқа алғысын жаудырып, сүйіншісін де берген.