Абай облысында мопедтерге бақылау күшейтілді

Бүгін, 14:54 / Алуа Арман
polisia.kz

Абай облысында жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді профилактикалық шаралар жалғасуда. Семей қаласында патрульдік полиция батальоны мопед жүргізушілеріне бақылауды күшейтіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында полицейлер мопед жүргізушілерінің құжаттарының болуы, көлік құралдарының техникалық жағдайы және жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударуда.

Сондай-ақ қорғаныш шлемін тағу, жарық шамдарының дұрыс жұмыс істеуі және жалпы қауіпсіздік талаптарының орындалуы тексерілуде.

Полицияның айтуынша, бұл шаралардың мақсаты – тек құқық бұзушылықты анықтау емес, оның алдын алу және жолдағы тәртіп мәдениетін қалыптастыру.

Құқық қорғау органдары мопедтердің қала ішіндегі кең таралуын ескере отырып, олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға басымдық беріп отыр.

Полиция тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтауға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Тэгтер:

полицей Абай облысы мопед бақылау