Үкімет: Атырау облысында 756,4 млрд теңге жеке инвестиция тартылады

Бүгін, 12:08 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Атырау облысында негізгі экономикалық көрсеткіштерді тұрақтандыру және инвестициялар тарту бойынша шаралар қабылдануда. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның ақпараты бойынша есепті кезеңде өңірде өңдеу өнеркәсібінің өсуі 8,5%-ды, құрылыста 7,2%-ды, ауыл, орман және балық шаруашылығында 1,2%-ды құраған. Жекелеген көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, Атырау облысында жоспарлы көрсеткіштерге шығу үшін шаралар қабылдануда.

«Биыл 756,4 млрд теңге инвестиция тартатын бес жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұдан бөлек, жалпы сомасы 722 млрд теңге болатын 27 жеке кәсіпкердің жобасы іске қосылмақ», — деп атап өтті облыс әкімі.

2026 жылы тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарлы көрсеткіш – 770 мың шаршы метр. Сондай-ақ сауданың нақты көлем индексі 98,5%-ды, көлік және қойма бойынша 94,5%-ды құрады.

Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде, мәселе ерекше бақылауда.