Қостанай облысының Жітіқара қаласында прокурорлар дропперлік бойынша айыпталған екі жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істерді сотқа жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың ақшалай сыйақы үшін бұрын таныс емес тұлғаларға үшбанктік шотқа қолжетімділікті бергеніанықталды. Кейіннен аталған шоттаралаяқтық әрекеттер нәтижесінде жәбірленушілерден ұрланған ақша қаражатын шығару үшін пайдаланылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айыпталушылар өз кінәларын толық мойындады.
Айта кетейік, 2025 жылғы қыркүйектен бастап заңнамаға банктік шоттарға, төлем құралдарына және сәйкестендіру құралдарына қолжетімділікті заңсыз беру, табыстау және алу, сондай-ақ төлемдермен ақша аударымдарын заңсыз жүргізу үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа қылмыстық құқық бұзушылық құрамы енгізілді. Аталған баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен бірге 7 жылға дейінбас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Жыл басынан бері облыста Қылмыстық кодексі (дропперлік) бойынша 22 қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде 2 іс сотқа жолданды.
Өңірде алаяқтыққа қарсы қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде алаяқтықтың жалпы саны 19,1%-ға (293-тен 237-ге дейін), ал интернет-алаяқтық12,3%-ға (235-тен 206-ға дейін) төмендегені байқалады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының ұсыныстары бойынша екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 307 млн теңгені құрайтын 112 несиені тоқтатты. Соттарда жалпы сомасы 293 млн теңгені құрайтын 191 талап-арыз қанағаттандырылды.
Қостанай облысының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді«жеңіл табыс» ұсыныстарына алданбауға және өздерінің банктік шоттары мен жеке деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.