15 cәуірде Қазақстанда телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді. Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні ескертілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Соған байланысты Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
«Жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізеді. Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа ажыратуға мүмкіндік беретіндіктен, бұл кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», – делінген хабарламада.