Ақмола облысының Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдиниет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдиниет Үйі» МККК-ның қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мекеме бухгалтері 58 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырып, өзінің банктік шотына заңсыз аударған.
Аудан прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастап, іс сотқа жіберілген.
Сот үкімімен мәдениет үйінің есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылған. ҚК-тің 74-бабына сәйкес, жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды.
Үкім заңды күшіне енбеген.