Абай облысында 60 кәсіпкер заңсыз тексерілген

Бүгін, 09:52 / Алуа Арман
istockphoto.com

Семей қаласының прокуратурасы Полиция басқармасының әкімшілік тәжірибесіне жүргізілген талдау барысында бизнес субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту кезіндегі заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталғандай, заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болу фактілерін тексеру міндетті түрде құқықтық статистика органдарында тіркелуге тиіс.

Полиция қызметкерлері тексерулерді тиісті тіркеусіз жүргізіп, олардың қорытындысы бойынша 60 әкімшілік хаттама жасаған, бұл оларды тоқтатуға негіз болады.

Қала прокуратурасының қабылдаған шаралары нәтижесінде заңсыз әкімшілік істер қайта қаралып, тоқтатылды, кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді, сондай-ақ заңбұзушылықтарға жол берген 11 қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Тэгтер:

кәсіпкер бизнес заңсыз тексеру