Димаш орындаған ән Қытайда жылдың үздік әні деп танылды

Димаш орындаған ән Қытайда жылдың үздік әні деп танылды

Димаш орындаған ән Қытайда жылдың үздік әні деп танылды
ашық дереккөзі

Димаш Құдайбергенов орындаған  Battle of memories фильмінің саундтрегін Қытайдың CCTV арнасы жылдың үздік әні деп танып, Top Global Chinese Music жүлдесін тапсырды. Бұл туралы әншінің продюсері Алпамыс Шаримов Instagram парақшасында хабарлады.  

"Сүйінші! Осымен үшінші жүлде! Қытайдың номері бірінші телеарнасы CCTV Димаштың орындауындағы Battle of memories әнін жылдың үздік әні деп танып, Top Global Chinese Music жүлдесін әншіге табыстады! Қуанышымызда шек жоқ! Еңбекпен келген әр өнім бағаланса бақыт қой", - деп жазған ол парақшасында.
Айта кетейік, 22 сәуірде Димаш "Махаббат бер маған" атты жаңа әнін тыңдармандар назарына ұсынды.