Қарағандыда Қазақстан ауыр атлетика федерациясы атынан зілтемірші Артем Антроповқа пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Спортшыларымыздың еңбегі мен жетістіктерінің жоғары бағалануы, жан-жақты қолдау көрсетуі жаңа жеңістерге деген ынтаны арттырып, өскелең ұрпақты спортпен айналысуға тартуға ықпал етеді», – делінген федерацияның баспасөз қызметі хабарламасында.
Артем Антропов – Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері, елдің бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы. Ол жастар арасында Азияның екі дүркін чемпионы, жастар арасында әлем чемпионы және ересектер арасында әлем чемпионы, сондай-ақ Қазақстанның олимпиадалық құрамасының мүшесі.