Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжанды 9:2 есебімен ойсырата жеңді

13 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ақтауда Әзербайжан құрамасына қарсы жолдастық матч өткізіп, ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Команданың бас бапкері Какау ойынға келесі құрамды шығарды: Игита, Эдсон, Валиуллин, Карменов, Оразов, Серіков, Кнауб, Дәрібай, Ақбалықов, Рашит, Әбдіманапұлы, Мадияров, Қайырбай, Дерябин.

Ойынның алғашқы бөлігінде әзербайжандық қақпашы Джавад Мамедов бірнеше қауіпті соққыны қайтарғанымен, 14-минутта Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. Сол сәттен кейін бірден Әбдірасул Әбдіманапұлы (14-минут) гол соғып, есепті еселей түсті. Алайда Новруз Казиханов (16-минут) айырманы қысқартты. Дегенмен көп ұзамай Альберт Ақбалықов (16-минут) тағы да Қазақстанның басымдығын қалпына келтірді.

Екінші таймда Біржан Оразов (24-минут) есепті ірі етті. Одан кейін Ақжол Дәрібай (30), Ақеділ Мадияров (31, 37), Оразов (32), Арнольд Кнауб (33) нәтижені 9:1-ге жеткізді. Матчтағы соңғы голды Рустамли Октай (38) соқты – 9:2.

Екі команда арасындағы қарымта кездесу 15 сәуірге жоспарланған.

Айта кетейік, бұл ойын Какау ұлттық құрамаға қайта оралғаннан кейінгі алғашқы матч болды.

Тэгтер:

Қазақстан Футзал Әзербайжан