«Неке шартын жазып бер»: Шавкат Рахмоновтың экс-әйелі оған қатысты тағы бір шындығын жайып салды

Бүгін, 17:47 / Інжу Әлихан
коллаж: turkystan.kz

Гүлайым Рахмонова бұрынғы күйеуі, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен ажырасуға себеп болған мәселелерді ашық айтып, белгілі журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күйеуі ажырасар алдында неке шартын сұрағанын айтқан.

«Шавкат «неке шартын жазып бер» деген әңгімелер айта бастады. «Менде еш нәрсе жоқ қой» дедім. Мен басында күліп, мән бермеген жоқпын.

«Мен оған «Сен онда маған бір кәсіп ашып бер, я біз тұрып жатқан бір үйді бер. Мен саған неке шартын берейін. Неге менен қорқасың ба?» дедім. Қорықсаң неге менімен өмір сүріп жүрсің? Сонша бала дүниеге келді. Бір жағынан мүмкін анасының, бауырларының арасында басқа да бір әңгіме болған шығар деп ойладым. «Ертен сен ажырассаң, сенің дүниеңе таласады» деген сияқты.

Ондай ұрыс барлық отбасыда да болатын шығар деп ойлаймын. Сол себептен «онда да құлағым  тыныш болсын. Мейлі Шавкат егер мені дүние үшін жүрген деп ойласа, мен жазып берейін» деп жазып бердім.

Неке шартының мәтінінде кімнің атында не бар ажырасқан жағдайда сол өзінің атында қалады делінген», –  деді Гүлайым Рахмонова.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын хабарлап, спортшыны балалардан бас тартқанын мәлімдеген-тін.