Стресс пен депрессиядан қорғану үшін қанша кофе ішу керек?

13 сәуір, 2026 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Ғалымдар кофенің белгілі бір мөлшері психикалық денсаулыққа оң әсер етуі мүмкін екенін анықтады. Зерттеу нәтижелері Фудан университеті мамандары тарапынан жүргізіліп, Journal of Affective Disorders журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеу Британдық биобанк деректеріне негізделген. Ғалымдар 460 мыңнан астам адамның 13 жыл бойғы денсаулық көрсеткіштерін талдаған. Нәтижелерге сәйкес, күніне 2–3 шыныаяқ (әрқайсысы шамамен 250 мл) кофе ішетін адамдарда стресс, мазасыздық және депрессия қаупі ең төмен болған.

Алайда бұл байланыс түзу сызықты емес: аз мөлшердегі кофе әсері әлсіз, тым көп кофе (5 және одан көп шыныаяқ) керісінше қауіпті.

Ғалымдардың түсіндіруінше, кофеин мидағы шаршау сигналын беретін аденозин әрекетін тежейді және көңіл күй мен мотивацияға жауап беретін дофаминнің бөлінуін күшейтеді. Сондай-ақ генетикалық факторлар ескерілгенімен, кофеинді ағзаның өңдеу жылдамдығы жалпы нәтижеге айтарлықтай әсер етпеген.

Қызық дерек: кофеин ер адамдарға көбірек оң әсер еткен.

Тэгтер:

депрессия кофе стресс