Жаңалықтар

Елімізде хиджаб киюге қашан тыйым салынатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Елімізде хиджаб киюге қашан тыйым салынатыны белгілі болды

Елімізде жыл соңына дейін хиджаб киюге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Астана арнасына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Бақыт Күлекеев хабарлады.

Күлекеевтің айтуынша, өзге елдің ұлттық киімін киетін негізінен Атырау, Ақтөбе мен Алматы облысының қыз-келіншектері. Қазір министрлік мамандары заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолға алған. Құжат жылдың соңына дейін үкіметке ұсынылатын көрінеді.

"Елбасымыздың айтылған сөзінен кейін тиісті тапсырма келеді. Қазірдің өзінде бұл мәселе біз көңіл аударып, зерттеудеміз. Әрине, тыйым салына ма? Қандай түрде, қандай деңгейде салынады? Оның барлығын ойластыру керекпіз. Ал заңнамалық өзгерістерде қараймыз. Мемлекеттік органдардың пікірін жинақтап, сол кезде енуі мүмкін", - деді Бақытжан Күлекеев.