Психикалық проблемалар диабет қаупін арттырады – жаңа зерттеу

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Британдық ғалымдар психологиялық жағдай мен 2-типті қант диабеті арасындағы тікелей байланысты анықтады. Зерттеу нәтижелері Frontiers in Digital Health журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеуді Англия Раскин университеті, Крэнфилд университеті және Портсмут университеті ғалымдары бірлесіп жүргізген. Олар 17 жыл бойы 19 774 адамның деректерін талдап, жасанды интеллект көмегімен тәуекел факторларын бағалаған.

Нәтижесінде үш негізгі фактор анықталды: жалғыздық, ұйқысыздық, психикалық денсаулықтың нашарлығы

Осы факторлар 2-типті қант диабеті қаупін шамамен 35%-ға арттырады. Ал егер үшеуі қатар байқалса, қауіп деңгейі айтарлықтай өседі.

Ғалымдардың айтуынша, бұл әсер ұзаққа созылған стресс арқылы түсіндіріледі. Стресс гормондарының көбеюі: ағзада қабыну процесін күшейтеді, қандағы қант деңгейін реттеу жүйесін бұзады Сонымен қатар зерттеу тамақтану дағдылапымен де байланыс бар екенін көрсетті. Стреске бейім адамдар тұзды, тәтті және өңделген тағамдарды көбірек тұтынады, бұл да диабет қаупін арттырады.

Тағы бір қызық нәтиже: модель ірімшіктің белгілі бір деңгейде қорғаныш әсері болуы мүмкін екенін көрсетті, бірақ психикалық проблемалар болған жағдайда бұл әсер әлсірейді.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл тәсілдің басты артықшылығы – диагноз қою үшін қан талдауы қажет емес. Яғни адамдарды қауіп тобына ерте кезеңде анықтап, алдын алу шараларын уақытында бастауға мүмкіндік бар.

Қазіргі таңда әлемде 500 миллионнан астам адам 2-типті қант диабеті дертімен өмір сүреді. Сондықтан мұндай зерттеулер аурудың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Тэгтер:

диабет психика