Президент Жарлығымен Қазақстанның бірқатар шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде кадрлық өзгерістер болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды