Қарағанды облысында 12 мыңнан астам экологиялық құқықбұзушылық анықталды

Бүгін, 11:44 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Жыл басынан бері Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзудың 12 мыңнан астам дерегін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірде құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды жедел анықтау мақсатында заманауи технологиялар кеңінен қолданылып, тұрғындармен тиімді кері байланыс жолға қойылған

Заңды тұлғалардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Іргелес аумақтарды тиісінше күтіп ұстамағаны үшін 92 ұйым басшысы жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылар қатарында сауда нысандары, қоғамдық тамақтану және ойын-сауық орындары, жанармай құю станциялары, техникалық қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ құрылыс алаңдары бар.

Тұрғын үй қорын басқарушы ұйымдардың қызметі де бақылауда. Аула аумақтарын тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны және мұзды уақытылы тазаламағаны үшін 5 ПИК (ОСИ) басшысы мен подъезд бойынша жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Стихиялық қоқыс орындарын анықтау үшін полиция департаменті ұшқышсыз ұшу аппараттарын тиімді пайдалануда. Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 72 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылып, белгіленбеген орындарға қалдық төккен 34 жүк көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды.

Халықпен өзара іс-қимыл – жұмыстың маңызды бағыттарының бірі. Облыс тұрғындары құқық бұзушылықтар туралы арнайы интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы хабарлай алады. Түскен хабарламалар негізінде 80 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Соңғы бір апта ішінде ғана аумақтық бөлімшелер шамамен 1 900 құқық бұзушылықты анықтады. Бұған қоса, бұрын берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін 17 субъект қайтадан жауапкершілікке тартылды.

Тэгтер:

Таза Қазақстан