Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Бүгін, 10:33 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

«Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» автожолында «Мерседес Бенс» және ВАЗ «2107» маркалы екі автокөліктің қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Мерседес Бенц 200» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, оқтығысқан. Салдарынан 4 адам қаза тапты.

Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.