Екі сәби ТЖМ-нің авиациясымен Қостанайға шұғыл жеткізілді

12 сәуір, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

ТЖМ авиациясы кезекті санитарлық рейсті сәтті орындады.

Арқалық қаласынан Қостанайға екі сәби шұғыл түрде жеткізілді.

«Қазавиақұтқару» экипажы мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің нәтижесінде пациенттер профильдік медициналық мекемелерге қауіпсіз жеткізілді.