Бердібек Сапарбаев: Әр аудан далада қалған бір отбасыға үй алуға көмектессін!

Бердібек Сапарбаев: Әр аудан далада қалған бір отбасыға үй алуға көмектессін!

Бердібек Сапарбаев: Әр аудан далада қалған бір отбасыға үй алуға көмектессін!
ашық дереккөзі
Ақтөбе су тасқынының салдарымен күрес жұмыстарын бастады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасыларға тек қала емес, аудан әкімдігі де көмектесуі керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
 
Қазір Ақтөбеде бірнеше мобильді топ шығынды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің алғашқы тоқсанын қорытындылаған жиын кезінде тасқын судан зардап шеккендерге көмек жайы айтылды.
 
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әр аудан ең кем дегенде бір отбасыға үй алуға көмектесуі керек деген ұсынысын жеткізді. «Ауданға көшіп барам дегендер бар шығар. «Көшіп барасың ба? Міне үйің, міне жерің, міне жұмысың» деп айту керек. Бәрінің Ақтөбеде тұруы міндетті емес ғой. Ақтөбеде күркеде тұрғанша аудандағы жақсы үйде, таза ауада тұрған жақсы емес пе? Сондықтан осы жағынан да жұмыс жасауымыз керек. Әр аудан ең кем дегенде бір отбасыға үй алуға көмектесуі керек. Қаланың әкімімен біріге жұмыс істеңіздер»,- деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.
 
Бүгінде баспанасынан айырылған 800-ге жуық адам қазір мектептерді паналап отыр. Өткен аптада басталған су тасқыны салдарынан 700-ге жуық үй су астында қалды. Тасқын кезінде 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды.