Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 10:04 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының қазіргі бағамы жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметінше, елордадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 469,98 теңгеден сатып алынып, 476,98 теңгеден сатылуда. Еуро 550,00–560,00 теңге аралығында саудаланса, рубльдің бағасы 6,00–6,30 теңге шамасында.

Ал Алматыда доллар 472,93–475,32 теңге аралығында құбылып тұр. Еуро 555,02 теңгеден сатып алынып, 560,38 теңгеден сатылуда. Рубль 6,07–6,20 теңге аралығында.

Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар 473,11 теңгеден қабылданып, 475,17 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 553,54–558,65 теңге болса, рубль 6,08–6,15 теңге аралығында саудалануда.

Ал демалыс күндеріне белгіленген ресми бағам бойынша, доллар 473,13 теңге, еуро 554,08 теңге, рубль 6,13 теңгені құрайды.