Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 09:59 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

 «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

11 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтау, Өскемен, Семей, Риддер, Астана, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.