«Қазгидромет» синоптиктері бүгін, 12 сәуірде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдағы күндері Қазақстанда тұман, жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с, кейде 23–25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Жаңбыр мен найзағай Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында болжануда. Таулы аймақтарда жауын-шашын күшейеді.
Түнде және таңертең Астана, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман күтіледі.
Сонымен қатар, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды және Түркістан облыстарының кей аумақтарында өрт қаупі жоғары болып отыр.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.