Ақмола облысында жасөспірім пойыз үстінен құлап, жарақат алып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 10 сәуір күні Жайнақ станциясында болған.
Желідегі ақпарат бойынша, 14 жастағы жасөспірім жүк пойызының үстінен құлап түскен. Жасөспірімдер бір вагоннан екіншісіне секіріп жүрген.
Облыстық полиция олардың кім екенін анықтады.
"Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды. Секіру салдарынан кәмелетке толмағандардың бірі дене жарақатын алып, Астанадағы ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кейіннен іс Астана қаласына жолданады, дейді полицияда.