Instagram қолданушылар үшін жаңа мүмкіндік енгізді. Енді жазылған пікірді жариялағаннан кейін 15 минут ішінде өңдеуге болады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл жаңалық туралы компания X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. Мәліметке сәйкес, пайдаланушылар өз пікірін жариялағаннан кейін белгіленген уақыт ішінде өзгеріс енгізе алады.
Жаңа функция қолданушыларға қателерді түзетіп, ойларын нақты жеткізуге мүмкіндік береді.