Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан бокс федерациясы финалдық кездесулердің тізімін жариялады. Күндізгі сессия 10:00-де басталады.
60 келі салмақта Оразбек Асылқұлов үндістандық Сачин Сачинмен қолғап түйістіреді.
70 келіде Төрехан Сабырхан иорданиялық Зейад Ишаишке қарсы шығады.
75 келіде Сабыржан Аққалықов өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен жұдырықтасады.
85 келіде Нұрбек Оралбай Жасурбек Юлдошевпен (Өзбекстан) кездеседі.
Ал +90 келіде Айбек Оралбай қытайлық Данабек Байкенжемен финалда бақ сынайды.