Танымал әнші Димаш Құдайберген өзінен жиі сұралатын «қашан үйленесіз?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі Қазақстанға келген сайын әуежайдағы паспорт тексерісінен бастап осы сұрақты еститінін жасырмады.
Оның айтуынша, әр нәрсенің өз уақыты бар және бұл мәселеде асығыс шешім қабылдағысы келмейді.
«Ең бастысы – таңдауыма өте жауапкершілікпен қарауым керек. Қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырымен ойнаудан қорқамын. Қыздарымыздың қадірін жоғары бағалаймын, сондықтан бұл тақырыпқа басқаша қараймын», – деді әнші.
Сондай-ақ Димаш үйленгеннен кейін өмірлік жарымен бірге қартайып, сол бақытты бағалап өмір сүруді армандайтынын атап өтті.