Иран өкілдері АҚШ-пен ықтимал келіссөздерге қатысу үшін Исламабадқа келді, деп хабарлайды Report.
Мәліметке сәйкес, делегация құрамында Мәжіліс төрағасы Мұхаммад Багер Галибаф пен Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бар.
Келіссөздер 11 сәуір күні Пәкістан аумағында өтуі мүмкін. Ал америкалық тарапты АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс бастап келуі ықтимал.