Дамир Қожахметов көлік вице-министрі болып тағайындалды

9 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
primeminister.kz. Суретте: Дамир Қожахметов

Дамир Қожахметов Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен көлік вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі бойынша Куала-Лумпурдағы Азия-Тынық мұхиты ақпараттық технологиялар институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Логистика және көлік корольдік институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы IT саласында бастап, кейін жекеменшік секторда басшылық қызметтер атқарды. Әртүрлі кезеңде мұнай-газ, агроөнеркәсіп, энергетика және басқа да бағыттарда технологиялық даму, инновация енгізу және операциялық тиімділікті арттыру жұмыстарымен айналысқан.

2019-2020 жылдары ҚТЖ ҰК АҚ-да инфрақұрылымдық және цифрлық жобаларды іске асыруға жетекшілік етті.

Ал 2020-2023 жылдары KTZ Express АҚ-да басшылық қызмет атқарып, компанияның цифрлық трансформациясын дамытуға үлес қосты. 2023 жылдың қарашасынан бері осы компанияның бас директоры қызметін атқарып келген.

Тэгтер:

Дамир Қожахметов