Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған өзбекстандық блогер жазаланды (ВИДЕО)

Бүгін, 20:39 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Өзбекстандық блогер Илхомжон Йолчиев Маңғыстау облысында Каспий теңізіне джиппен кіріп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Бозжыра маңында болған. Блогер Instagram парақшасында Каспий жағалауында көлік жүргізген сәттерін жариялаған. Ал әлеуметтік желідегі buzyqmedia парақшасы оның көлікпен тікелей теңізге кіріп кеткенін көрсететін видеоны таратты. Сондай-ақ, авторлар блогер жағалауда тәртіп бұзғанын алға тартты.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы ("Елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу") бойынша жауапкершілікке тартылған.

Тэгтер:

блогер Каспий теңізі Өзбекстан джип