Түркістан облысында табиғи газ бағасы төмендеді

Бүгін, 17:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Түркістан облысының Арыс ауданының прокуратурасы табиғи газ тарифінің негізсіз көтерілгенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, «OtebayGaz Aimaq» ЖШС 2025 жылғы 1 қарашадан бастап халық үшін газ бағасын 1000 м³ үшін 39 423 теңгеден 50 809 теңгеге дейін көтерген.

Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қазандағы №980 қаулысымен белгіленген коммуналдық тарифтерді көтеруге енгізілген мораторийге қайшы келеді.

Прокуратураның араласуынан кейін газ тарифі қайта қаралып, 38 746 теңгеге дейін төмендетілді.

Сонымен қатар, тұрғындардан артық алынған 54 млн теңге келесі төлемдерде есепке алынды.

Заңбұзушылыққа жол бергені үшін серіктестік 5,4 млн теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Нәтижесінде 6266 абоненттің құқықтары қорғалды.

Тэгтер:

Түркістан облысы газ Тұтынушы тариф