Қостанай облысында көлік шиналарын қайта өңдеу зауыты іске қосылды

Бүгін, 16:45 / Інжу Әлихан
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қостанай облысы Рудный қаласында «Еділ и компания» ЖШС-нің пайдаланылған автомобиль шиналарын қайта өңдеу зауыты іске қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жоба «Жасыл даму» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып, еліміздегі экологиялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Жобаның жалпы құны 354,5 млн теңгені құрайды. Қаржыландыру кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Кәсіпорын пайдаланылған шиналарды қайта өңдеу арқылы қалдықтарды тиімді басқару жүйесін дамытуға үлес қосады.

Аталған жоба «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында іске асырылып, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыруға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.