Балуан Тыныс Дүбек Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін, 12:16 / Інжу Әлихан
Olympic

Бішкек (Қырғызстан) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әйелдер күресі бойынша жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

62 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Тыныс Дүбек жартылай финалға шықты.

Отандасымыз ширек финалда Тайбэй өкілі Хсин Пайды 9:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, жартылай финалдық белдесулер бүгін, 9 сәуір күні өтеді.