Жапонияда жасалған ерекше қалам әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Оның ерекшелігі – ішінде тірі паразит құрттар бар, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл қалам алғаш рет 2021 жылы Коти префектурасы ауылдық аймағында ойлап табылған. Авторлары оны шөп майымен толтырылған гербарий стилінде жасап, ішіне тірі құрттарды орналастырған. Қалам шамамен 950 иенге сатылған.
Ішіндегі құрттар – Anisakis деп аталатын паразиттер. Олар әдетте балықтарда кездеседі және дұрыс піспеген немесе шикі балық арқылы адам ағзасына түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда анизакидоз ауруын тудыру қаупі бар.
Қаламдар жергілікті балық дүкенінде сатылғаны айтылады. Ал соңғы күндері оның видеосы қайта таралып, интернет қолданушылар арасында түрлі реакция туғызды: біреулер мұны ерекше өнер деп бағаласа, енді біреулер жиіркенішті әрі қауіпті деп сынға алды.
Бұл жағдай шығармашылықтың шекарасы жоқ екенін тағы бір дәлелдегенімен, қауіпсіздік пен этика мәселесін де қатар көтерді.