Ақтөбедегі ХҚКО-да шетел азаматтарын заңсыз тіркегендер ұсталды

Бүгін, 10:13 / Алуа Арман
polisia.kz

Ақтөбеде ХҚҚО ғимаратында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2 сәуірде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Ақтөбе қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында заңсыз делдалдық қызметпен айналысқан бір топ тұлғаның қылмыстық әрекетін әшкереледі.

Күдіктілер жалға алған бірнеше кабинетте шетел азаматтарын тіркеу барысында жалған құжаттарды пайдаланып, ақылы түрде заңсыз қызмет көрсеткен. Алдын ала анықталғандай, олар Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқан.

Аталған дерек бойынша жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілердің әрекеттерін толық құжаттандыруға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Құқық қорғау органдары азаматтарды құжаттарды тек ресми көздер арқылы рәсімдеуге және "делдалдар" қызметіне жүгінбеуге шақырады.

Тэгтер:

Құжат шетел азаматы көші қон делдал