Алматыда 3-қабаттағы терезеден құлап кеткен бүлдіршін аман қалды

Бүгін, 09:00 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Алатау ауданындағы «Өжет» ықшамауданында 4 жастағы қыз 3-қабаттағы терезеден құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға түстІ, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, анасы сол сәтте курьерден сәлемдеме қабылдап, тез ораламын деп ойлаған, ал әкесі жұмыста болған.

Бала 8 қабатты үйдің 3-қабатындағы терезеден құлап кеткен.

Диагноз: жабық бас-ми жарақаты, іш қуысының тұйық жарақаты. Қыз бала шұғыл түрде №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Абырой болғанда, дәрігерлердің көмегімен баланы аман алып қалу мүмкін болды. Біраз уақыт өткеннен кейін қыздың жағдайы тұрақталып, оны үйіне жіберді. Бірақ бәрі басқаша аяқталуы мүмкін еді.

Қауіп алдын ала ескертпейді. Ол сіз «бір сәтке ғана алаңдап қалғанда» келеді.