Сәтбаев қаласындағы тұрғын үйде өрт шығып, пәтер иесі жарақат алды. Сондай-ақ ғимараттан төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Сәтбаев қаласы, Ерденов көшесінде орналасқан 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел келіп жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде пәтер жанып жатқан. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, барлау жүргізіліп, өртті сөндіру жұмыстары басталды.
Құтқару жұмыстары барысында жанып жатқан пәтерден пәтер иесі құтқарылып, түтіннен улану белгілері байқалғасын, ауруханаға жеткізілді.
Көрші пәтерден автосатының көмегімен 4 бала құтқарылды.