«Балам деп айта алмаймын»: Жанболат Ербатыров ұлы туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 05:42 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Жанболат Ербатыров ұлы Қазбектің үйлену тойында айтқан сөзі көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Той барысында өнер иесі ұлын «балам» деп атай алмайтынын айтып, бұл сөзін ерекше түсіндірді.

«Қазбекті балам деп айта алмаймын. Ол – апамның баласы. Бір сұхбатта “балам” деп айтып қалып едім, кейін апам ренжіп қалар деп сол жерін алып тастауды сұрадым. Кішкентайынан апамның қолында өсті», – деді әнші.

Айта кетейік, бұл сәтте әншінің жары Жазира Байырбекова толқып, көзіне жас алған.