"Көз тиеді": Әнші Қайрат Түнтеков отбасы жайлы құпиясын бөлісті (ВИДЕО)

Бүгін, 20:35 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Танымал әнші Қайрат Түнтеков Qazaqstan арнасындағы "1001 түн" бағдарламасында сұхбат беріп, жеке өміріне қатысты ұстанымын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол отбасылық өмірін жариялаудан саналы түрде бас тартады. Бұған оның тіл-көзге сенуі себеп болған.

"Отбасымды көрсеткім келмейді. Себебі тіл-көз тию дегенге сенемін. Өзім де сондай жағдайды бастан өткердім. Тіпті орнымнан тұра алмай құлап қалып, ертесіне жүруге шамам жетпеген кездер болды", – деді Қайрат Түнтеков.

Әншінің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі оның көзқарасын қолдап, "жеке өмір құпия болғаны дұрыс" десе, енді бірі түрлі әзіл мен сын пікірлер қалдырды.

Көпшілік арасында қолдау білдіргендер де аз болмады. 

"Жарайсың, Қайрат! Даусың керемет", "Отбасың аман болсын", "Өте дарынды әнші" деген жылы лебіздер жазылды.

Тэгтер:

әнші Қайрат Түнтеков