Созақтық жас өнерпаз Ерман Рүстемұлы Париж қаласында өткен XXXVI «Париж жұлдыздары» халықаралық өнер байқауында бақ сынап, жүлделі І орынды иеленді. Осылайша жас өнерпаз еліміздің атынан сынға түсіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жас өнерпазды аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қабылдап, оның шығармашылық жетістіктеріне жоғары баға берді. Кездесу барысында аймақ басшысы оқушының өнерін тамашалап, алдағы шығармашылық жолына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, еркін форматта пікір алмасу өтіп, жас талантқа сый-сияпат табысталды.
Айта кетейік, «Созақ» мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы республикалық және халықаралық байқауларда табысты өнер көрсетіп келеді. Ол бұған дейін «Атадан мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырған «ART BAYTEREK» шығармашылық байқауына қатысып, бас жүлдені иеленген болатын. Бұл жеңіс оған халықаралық байқауға қатысуға жол ашқан.