Каспий теңізінде 5,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді.
Қазақстан Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, 2026 жылғы сәуірде Астана уақытымен сағат 14:05–те Әзербайжанның жағалау аймағында жер сілкінісі болған.
Жер сілкінісінің магнитудасы — 5,4, энергетикалық класы K=13, тереңдігі — 64 км.
Ресейдің сейсмологиялық қызметінің хабарлауынша, дүмпулер Әзербайжанның кейбір өңірлерінде 3–4 балл деңгейінде сезілген.